"Канеломен" жұдырықтасарда түтілгендей шықты". BoxingScene шолуышысы Головкиннің жекпе-жекке дайындығы жайлы

© boxingscene.com
BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының түркиялық шолушысы Сихат Гемичи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО)  DAZN стриминг қызметіндегі жеңілмеген канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

37 жастағы Головкин мен Роллс жекпе-жегі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

"164 фунт лимитте Головкин Роллсқа қарсы өзін жақсы сезіну керек. "Канеломен" жекпе-жек алдында түтіліп қалғандай шықты. Қазір сергек және шапшаң сияқты. Бұл кездесуде жеңуі тиіс. Жеңілсе не боларын жақсы білетін шығар. 

Ал Роллс үшін бәрі түсінікті. Энтони Джошуаны нокаутқа түсірген Энди Руистің сенсациялық үлгісі бар. Аты шықпаған, сосын бәрі елемей отыр. Ол жеңілсе, ешкім оны кінәләмайды. Ал жолы болса, GGG мен DAZN қызметінің "Канеломен" трилогияға деген жоспарын бұзуы мүмкін. Сонымен бірге, басқа да топ боксшылармен жұдырықтасу мүмкіндігін алады", - дейді Гемичи.