"Канело" трилогияда Головкинді ненің арқасында жеңетінін айтты

11 қыркүйек 2022 18:57
©globallookpress.com

Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиясы алдында қарсыласын қалай жеңетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Менің ең мықты соққыларымның бірі корпустан ұру. Солай емес пе? Бұл жолғы мақсатым – қандай жағдай болмасын жекпе-жекті 12 раундқа жеткізбей аяқтау. Ол үшін барымды саламын. Осыған дейінгі екі айқас тартысты болған. Үшіншісі де қызық болады деп ойлаймын. Менің ойымша, қазір нағыз бабымдамын. Тәжірибе жинақтадым. Осының арқасында жеңіске жетемін деп ойлаймын", - деді "Канело" ringnews24.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы айқас 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport