"Канело" салмағында әлем чемпионы болатын қазақтың есімі аталды

©boxingscene.com

Қазақстандық былғары қолғап шебері, жеңіл салмақта WBA International белбеуінің иегері Евгений Павлов (8-0, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы айқасқа қатысты пікірімен бөлісті.

12 раундқа жоспарланған айқас 5 қараша күні Миннеаполисте (АҚШ) өтеді. Келіссөздер бір жыл жүргізілді.

"Менің ойымша, Айдос жеңіске жетеді. Ол Лас-Вегаста мықты жаттығып жатыр. Оның жанында мықты команда жиналған. Тәжірибелі боксшы. Оған міндетті түрде жанкүйер боламыз. Айдос титулды иелену керек", - дейді Павлов.

Ербосынұлы соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың күзінде шығып, гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсірген еді. Ал биыл көктемде Сауль "Канело" Альварестің жаттығу лагерінде мексикалықтың спарринг қарсыласы болды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport