"Канело" рингке оралар алдында Головкинмен дауға ұласқан жекпе-жекті есіне алды

12 қыркүйек 2019 11:24
© reviewjournal.com
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) былтыр қыркүйекте өткен қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) қарымта жекпе-жекті есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, "Канело" твиттер желісінде сурет жариялаған, онда мексикалық GGG-мен екінші жекпе-жектен кейін, осы кездесуге арнайы жасалған WBC белбеуін шығып бара жатқаны бейнеленген.

"Бір жылдай өтіпті", - деп жазыпты Альварес сурет астына.