"Канело" нокаутқа түсірген экс чемпион атақты блогермен айқасуға келісті

©Sportbox

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев америкалық белгілі блогер Джейк Полмен жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Джейк Полмен айқас? Мен дайын. Мен оны нокаутқа түсіремін. Бірақ алдымен қалыпқа келу үшін бір кездесу өткізіп алайын (Тервел Пулевпен), сол кезде кез келген кездесу ұйымдастыра аламыз", - деп береді Ковалевтің сөзін TMZ.

39 жастағы Ковалев кейінгі рет 2019 жылы қарашада Сауль Альвареспен жұдырықтасып, WBO титулынан айырылып қалған. Ал келесі кездесуін 14 мамыр Болгарияда Тервел Пулевпен өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport