"Канело" жеңілмеген әлем чемпионымен жұдырықтасудан бас тартты

Сурет: AllBoxing.ru

Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (20-0-0, 12 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 KO) жекпе-жек ұйымдастыра алмағанын айтады,-деп хабарлайды BoxingScene. Боксшының сөзінше, "Канело" жекпе-жектен қашқан. 

"Негізінде жекпе-жекке шығамыз деген ықтимал өте төмен еді. Ол маған ұсыныс айтпады. Нақты ештеңе болған жоқ, тек меңзеулер ғана, ұсынып көрмек болды да, бірақ, бас тартты. Мені дайын емес деген сөз шығарды, алайда, олай емес. Желтоқсанға дейін дайын болатын едім", - дейді Плант. 

Еске салайық, "Канело" 19 желтоқсанда британиялық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жұдырықтасатын болды.