"Канело" және Головкинмен. Әлімханұлы орта салмақтағы ең мықты боксшылар ондығына кірді

Қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) The Ring журналының тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең мықты боксшылардың ондығына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі басылым қазақстандық боксшыны тамаша нокаутттан кейін тізімге кіргізді. 10 қазан Лас-Вегастағы жекпе-жекте Жәнібек екінші раундта-ақ аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) ауыр нокаутқа түсірді. 



Айта кетейік, рейтингте бірінші өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин тұр. Ал The Ring чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес.

The Ring тұжырымынша орта дивизионның топ-10 тізімі мынадай:
 
1. Геннадий Головкин (Қазақстан);
2. Джермалл Чарло (АҚШ);
3. Деметриус Андраде (АҚШ);
4. Сергей Деревянченко (Украина);
5. Риота Мурата (Жапония);
6. Камил Шеремета (Польша);
7. Кіші Крис Юбенк (Ұлыбритания);
8. Роб Брант (АҚШ);
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания);
10. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).