"Канело" Головкиннен қорқады дейтін". Әлемнің бұрынғы чемпионы Альваресті жеккөретіндер туралы

Сурет: Boxeadores.cl

Әлемнің бұрынғы чемпионы Ише Смит көпшілік мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жаһандағы ең мықты боксшы екенін сол күйі неге қабылдай алмағанын түсіндірді. 

Карьерасынның басым бөлігінде мексикалық өзін жек көру пен сынға тап болып отырды. Смиттің айтуынша, бұл оған мықтылармен айқасып, жеңістерге жетуге кедергі болмаған екен. 

"Бәрің Альварес Геннадий Головкиннен қорқады дейтінсіңдер, бірақ, онымен екі рет жұдырықтасты. Ал төрешілер шешіміне қатысты, боксшы қашаннан бері төрешілер үшін жауапты? Бұл оның кінәсі емес. Бәрің ол Джейкобспен жекпе-жекке шықпайды дедіңдер, ал ол шықты, одан кейін Ларамен жұдырықтасты, Флойд Мейвезермен келісілген салмақта айқасуға көнді. Сауль Альваресті жек көретіндер мені таңқалдырады. Мен бұған еш себеп таба алмадым", - деп береді Ишенің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport