"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты шындығын айтты

© Тұрар Қазанғапов
Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Дегенмен Альварес келесі кездесуін екінші орта салмақта өткізбек. 

"Головкинмен үшінші жекпе-жек жайлы қауесет көп. Бірақ қазір мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын, өйткені әзірге бұл бойынша бір шешімге келген жоқпыз. Алдымен екінші орта дивизионда жұдырықтасуды жоспарлап отырмын. Осыдан кейін ғана орта салмаққа жақындаймын. Асықпаймын, жартылай ауырдан ортаға бірден түсу - тым қауыпті шешім", - дейді Альварес.