"Канело" Головкинмен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

©Gettyimages

Екінші орта салмақта алғашқы абсолют чемпион атанған Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екен, бірақ, бір шартпен.  

"Головкинмен тағы жекпе-жек қалаймын ба? Иә, қалаймын. Неге болмасқа? Егер Геннадий екінші орта салмаққа өтсе, мен дайынмын. Еш қиындық жоқ. Абсолют чемпион болу оңай емес, бірақ, мен әрдайым ең мықтылармен сынға түскім келеді", - деп береді "Канелоның" сөзін ESPN.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport