"Канело" Головкинмен айқасы алдында жаттығуын көрсетті

©Reuters

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегі алдында қалай дайындалып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еске салайық, қос мықты арасындағы айқас қыркүйек айының 17 жұлдызы Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Головкин мен "Канело" осыған дейін екі рет дәл сол аренада қолғап түйістірген. 2017 жылы алғашқы кездесу тең есеппен аяқталса, 2018 жылы төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport