"Канело" Головкинді нокаутпен түсіремін деп армандап алды

©Тұрар Қазанғапов

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) нокаутқа түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Лас-Вегаста өткен жекпе-жек алдындағы қорытынды баспасөз жиынында ол Головкин мықты қарсылас екенін мойындады. Алайда мексикалық тек жеңіске ынталы екен. 

"Рингке оралатыныма бақыттымын. Бұл өте эмоцияға толы сәт және қатты ынталандырады. Көп еңбек еттім және бұл айқасты он екі раундта аяқтай аламын. Әрине, қиын болатынын білемін, дегенмен, мен қиындықтарды жеңуге тырысатын адаммын. Бұл айқасты нокаутпен жеңуге мотивациям жоғары. Алдымда мықты қарсылас екенін білемін, күшті және ақылды. Бірақ менің мақсатым сол", - дейді Альварес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии