"Канело" Аргентинаның Катардағы жеңісі жайлы ойын ашық айтты

23 желтоқсан 2022 10:05
©Canelo team

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессимен сырттай жанжалы мен құраманың Катардағы жеңісі жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентина мен Мексика матчінен кейін боксшыға шешінетін орында мексикалық ойыншылардың бірінің жерде жатқан футболкасына Мессидің аяғы тиіп кеткені ұнамады. 

"Канело" Мессиді қорқытты. Іс насырға шабуы мүмкін

"Мен елімді әрдайым қорғаймын. Иә, кейбір дүние менің бақылауымнан шығып кеткен болар. Бірақ бұл үйрену үрдісі. Бәрі дұрыс, Аргентина жеңгеніне қуаныштымын. Олар бұған лайықты болды, олардың бәрін құттықтаймын", - деп беріпті Саульдің сөзін журналист Майкл Бенсон Twitter желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport