"Канело" Альварес Головкин салмағындағы чемпиондық белбеуден бас тартты

Сурет: World Boxing News

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) орта салмақта WBA (Super) титулынан бас тартты, деп хабарлайды BoxingScene боксшының бапкері мен менеджері Эдди Рейносоға сілтеме жасап.

"Канело" бұрын да мәлімдегендей, екінші орта салмаққа толық өтпек, бұл дивизионда ол WBC және WBA (Super) белбеулеріне ие.

"Бұл дивизионда ол өзін аса мықты сезінеді. Орта салмақта жоғалтар ештеңе жоқ. "Канеломен" жұдырықтасқысы келетін кез келген адам мұны екінші орта салмаққа келіп жасау қажет", - дейді Рейносо.