"Канело" әлем чемпионымен жұдырықтасудан қашып отырғаны әшкере болды

Сурет: RingSide24
"Канело" Альварес екінші орта салмақта WBA Super титулына ие Каллум Смитпен жұдырықтасудан қашып отыр. Бұл туралы британияық боксшының бапкері Джо Галлахер мәлімдеді. 

"Сауль Альвареспен келіссөз басталмай жатып, олар Каллумды келіссөздан қашып отыр деп айыптай жөнелді. Смит шарттарға келісті, бірақ, одан кейін олар ләм-мим демей, жоқ болды. Альварес жұдырықтасқысы келсе, оп-оңай келісетін едік. 

Егер ол дивизион көшбасшысы атанғысы келсе, онда Калуммен жекпе-жек өткізу керегі сөзсіз. Енді "Канелода" қарсыласпен қиындықтар туды, Билли Джо Сондерспен кездесу өтпейтін сияқты. Ал біз Билли Джомен жекпе-жек туралы келісе алатын шығармыз. Тамаша болатын еді", - деп береді бапкердің сөзін vRINGe.com.