Қанат Исламның WBO Inter-Continental белбеуі үшін жекпе-жегіне тікелей трансляция

Ислам - Хесус бокс кешінің афишасынан
Бүгін, 5 шілде Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (25-0-0, 20 КО) орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін 36 жастағы доминиканалық Хулио де Хесуспен (28-1, 27 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоудың андеркартында тоғыз жекпе-жек өтеді, оның сегізінде қазақстандық боксшылар жұдырықтасады. 

QazSport бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді - трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қатар жекпе-жектерді Qazaq Promotions компаниясының ресми сайтынан да тамашалуға болады. Трансляцияның басталуы астана уақытымен 17:25.

Андеркарттағы жекпе-жектер (қазақстандық боксшылар бірінші көрсетілген):

Аса ауыр салмақ:
Руслан Мырсатаев (5-0, 5 КО) - Дэнни Уильямс (53-26, 40 КО - Ұлыбритания);

Аса ауыр салмақ:
Нұрсұлтан Аманжолов (дебют) - Павел Кроленко (1-2, 1 КО - Беларусь);

Екінші орта салмақ:
Арман Рысбек (5-0, 4 КО) - Денис Чечета (9-13-2, 8 КО - Украина);

Орта салмақ:
Сапарбай Айдаров (2-0, 2 КО) - Владислав Танцюра (2-2, 1 КО - Украина);

Бірінші орта салмақ:
Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) - Игорь Фаниян (16-20-3, 8 КО - Украина);

Бірінші орта салмақ, алты раунд:
Берікбай Нұрымбетов (3-0) - Карен Аветисян (9-24-4, 4 КО - Ресей);

Жартылай орта салмақ:
Асқар Ерубек (дебют) - Андрей Столярчук (11-33-6, 2 КО - Беларусь);

Жеңіл салмақ:
Абылайхан Хұсаинов (9-0, 6 КО) - Гарник Арутюнян (3-1, 2 КО - Армения);

Жартылай жеңіл салмақ:
Бексултан Раушанов (4-1, 3 КО - Өзбекстан) - Аскар Рагимов (3-2, 1 КО - Әзірбайжан).