Қанат Исламның ұзақ үзілістен кейінгі қарсыласы анықталды

Nelson Promotions©
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам 1,5 жылдық үзілістен соң рингке оралып, келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Исламның қарсыласы доминиканалық Жулио Де Жесус болады. Боксшылар WBO Inter-Continental белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 5 шілдеде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Естеріңізге салсақ, Қанат Ислам АҚШ-та аяғын жарақаттап алып, ұзақ уақыт жекпе-жек өткізбеген болатын. Ол соңғы рет 2017 жылы 9 қыркүйекте канадалық Брендон Кукке қарсы жұдырықтасып, 9-нокаутта нокаутпен жеңіске жеткен еді.