Қанат Исламның титулды жекпе-жегі андеркартында жұдырықтасатын қазақ боксшылардың қарсыластары белгілі болды

26 қазан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек анедркартында өзге де қазақ боксшыларының жұптары белгілі болды.  

BoxRec.com ақпаратынша андеркарт тізім келесідей:

Бексұлтан Раушанов (Өзбекстан, 5-1, 3 КО) - Александру Ионита (Румыния, 7-1-1, 5 КО), жартылай джеңіл салмақ;
Дәулет Дәукенов (Қазақстан, 5-1, 3 КО) - Иван Петров (Молдова, 3-1-1), бірінші жартылай орта;
Нұрсұлтан Аманжолов (Қазақстан, 1-0) - Михал Банбула (Польша, 13-31-4), аса ауыр;
Асқар Ерубек (Қазақстан, 1-0, 1 КО) - Владислав Баранов (Украина, 6-4-2, 4 КО), бірінші жартылай орта;
Ақтілек Жеңіс (Қытай, 10-3-3, 2 КО) - Максим Воронин (Украина, 3-0, 1 КО).

Айта кетейік, Ислам - Каутондоква жекпе-жегінде қазақ боксшыға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынады.