Қанат Исламның карьерасы неге құрдымға кеткені айтылды

©instagram.com/islamkanatqazaq

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-1, 22 KO) кәсіпқой бокста қандай қателіктер жібермеу керегінің мысалы. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық спорт журналисті Бен Смит осындай пікір білдірді. Ол қазақ боксшының әлеуеті жете тұра неге биік тұғырға жете алмағанын түсіндірді. 

Қанат Ислам карьерасында алғаш рет жеңілді

"Қанат Ислам - өз әлеуетін аша алмағандардың бірі. Онда жетістікке жету үшін қажетті дағды, мүмкіндік пен перспективасы болды. Бірақ оған бөгет болған бірнеше себеп бар. Ол жарақаттар, пандемия және әлсіз команда. Алайда ең бастысы ол бабында болған кезде қауіпті, дегенмен, үлкен айқастарға шықпады. Оның элитаға қосылатын екі мүмкіндігі болды. 

Оның толық ашылғанын көре алмағанымыз өкінішті. Шынына келгенде ол мүмкіндігін жіберіп алды, енді бокстан кету керек. Қанат - карьераны қалай жүргізбеудің мысалы", - дейді Смит. 

Қанат Исламға жекпе-жекке шығуға тыйым салынды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport