Қанат Ислам титулды жекпе-жегі алдында Алматыда ашық жаттығу өткізді

Боксшының командасы ұсынған сурет
Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) титулды жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шараға көптеп жиналған жанкүйерлер боксшымен бірге суретке түсіп, қолтаңбасын ала алды. 

Еске салайық, 26 қазан Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (26-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшысына тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі срапқа салынады. 

"Жеңіс тілейміз, дегенмен...". Үш титулы бар жеңілмеген қазақ боксшы Исламның алдағы жекпе-жегі туралы