Қанат Ислам өзіне кім қастандық жасағанын ашық айтты

©Vesti.kz

Қанат Исламға әлдекімдер суына у қосып, қастандық жасамақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қанат Исламның досы Дархан Мұхтарбекұлы "Алғашқы" жобасында айтты. 

"Қанат екеуіміз 2019 жылдың басында Алматыда таныстық. Қанатпен араласып жүрген кезде оның бокс мансабындағы болашағы бұлыңғыр болып тұрғаны байқалды. Жақсы дос болып араласып жүргеннен кейін Қанатқа қалай пайдамды тигізе аламын деген ой мазалап жүрді. Бір күні жақсы ой келді. Бәлкім, елімізде жақсы жарыс ұйымдастырып, команда құрып, Қанаттың мансабын елімізде жалғастырып жіберсе деген ой келді. Сосын Қанат екеуіміз осы жайлы сөйлесіп, бірауыздан келісіп, елімізде жарыс өткізетін болып шештік. 

Жарысты ұйымдастыру барысында көптеген адам кедергі жасады. Тіпті еліміздегі танымал тұлғаның өкілі келіп, Қанат екеуімізбен сөйлесіп, осы жарысқа қатысты қоқан-лоқы көрсеткендер болды. Батырымыздың суына у қосып, Қанатқа қастандық жасады. Екінші бокс кешін ұйымдастыру барысында Қанатқа жасалған қастандық біз үшін ауыр жағдай болды", - дейді Дархан Мұхтарбекұлы.  

Бағдарлама жүргізушісі Қанат Исламға қастандық жасағандар кім екенін нақтыламақ болып, сұрақ қойды. 

"Біз қазіргі Президент Тоқаев сайлауға түсетін кезде Жақсылық Үшкемпіров ағамызбен бірге сол кісінің артында тұрып қолдадық. Себебі халық сенім білдіріп жатты. Жаңа бір серпінді көргісі келді. Сол жұмысқа шынайы кірістік. Соның алдында маған телефон шала бастады. Үлкен адамның атын айтты. Сол кісінің немерелерінің атын айтты. Бұрынғы елбасының (Нұрсұлтан Назарбаевтың - ескерме). Маған сеніп отырған қаншама адам бар. Соның бәрін тастай салып, басқа жаққа кетіп қалсам, Qazaq Promotions не істейді сонда? Рақмет деп қана шығарып салдық. Екінші жарысқа дайындалғанда сондай ұсыныстар түсе бастады. (...) Өзіміздің жұмысты Америкаға барып жалғастыруға тура келді. Кейін қан тапсырып, анализ нәтижесінен шықты ғой (у туралы - ескерме)", - дейді Қанат Ислам. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport