Қанат Ислам кейінгі екі жекпе-жегіне дайындаған бапкермен жаттығуын тоқтатты

© massaget.kz
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты. Бұл туралы мамнның өзі Vesti.kz тілшісіне айтып берді. 

"Өкінішке қарай Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлдірмейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді", - дейді Беков. 

2017 жылдың ең мықты менеджері Қанат Исламның ісін жүргізуді тоқтатты

Айта кетейік, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған - доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда.