Қанат Ислам Головкиннің экс қарсыласына үн қатты

©Qazaq Promotions

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам украиналық Сергей Деревянченконы (14-4, 10 КО) кейінгі жекпе-жегіндегі жеңісімен құттықтап, қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста Деревянченко Бруклиндегі Barclays Center аренасында жергілікті Джошуа Конлимен (17-4-1, 11 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

"Алға, Украина. Құттықтаймын", - деп жазыпты Қанат Instagram желісінде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport