Қанат Ислам 23 нокауты бар "Жыртқышпен" сегіз раунд айқасты

©instagram.com/islamkanatqazaq/

Қанат Ислам (29-1, 22 КО) АҚШ-та өткен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz

38 жастағы қазақ боксшының қарсыласы "Жыртқыш" лақап атты аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Плант-Ситидегі бокс кешіне жоспарланған жекпе-жек сегіз раундқа есептлеген еді. 

Боксшылар сегіз раунд толық жұдырықтасып, Қанат төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның карьерасындағы 29-шы жеңісі, ал Масьель 18-рет жеңілді.  

Айта кетейік, Қанат Ислам карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін қайтадан жеңіске жетіп отыр. Ақпан айында Қанат британиялық Джимми Келлиге есе жіберген еді. 

Қанат Исламның "Жыртқышты" жеңген айқасының толық видеосы

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии