Қамшыбек Қоңқабаев Усиктің бұрынғы қарсыласымен титулды айқас өткізеді

©kfb

Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін оңтүстік африкалық Джонни Мюллерге (23-9-2, 14 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл айқас наурыз айының 25 күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жерлесіміз өзіне тиесілі WBA Gold белбеуін қорғайтынын айта кеткен жөн.

Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев соңғы рет 2021 жылдың желтоқсан айында рингке шығып, британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңген еді. Ал тәжірибелі Мюллер кезінде украиналық Александр Усикке есе жіберген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport