Жұлдыз ба, фаворит пе? Маман Әлімханұлы туралы пікір білдірді

16 қыркүйек 2022 16:02
©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) кәсіпқой бокстың супержұлдызы аанғысы келетінін айтты, ал боксшылардың Халықаралық даңқ залына сайлаушылардың бірі Майкл Монтеро әлемнің жаңа чемпионы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Монтероның пікірінше, Әлімханұлы чемпиондығын әлі де дәлелдеуі керек. 

"Ол жұлдыздарға қарсы бокстасып көрмегендіктен, Жәнібек Америкада қазір бокс "жұлдызы" болып тұр дей алмаймын. Бірақ ол мойымас фавориттер қатарына жататын спортшы бола алады, әрине егер ол біздің үмітті ақтаса", - дейді Монтеро өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық өзінің келесі кездесуінің уақытын жариялаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport