Жоғары дәрежедегі кездесу. AIBA президенті Қазақстанда

4 желтоқсан 2021 14:25
©kfb.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федерациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевты қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚБФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоғары дәрежеде өткен кездесуде тараптар қазақстандық бокстың жан-жақты дамуына тоқталды. Кездесудің маңызды мәселелердің  бірі ретінде мектептер мен жоғары оқу орындарында бокс спорт түрін дамыту талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген болатын. Жалпы командалық есепте ел құрамасы екінші орынға табан тіреп, ел мерейін үстем етті.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: