"Жетер енді...". Әйгілі чемпион бокстың қатері жайлы айтты

©Sky Sports

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри боксқа оралу туралы сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Көбі айтады: "Тағы бір айқас, екеу" деп. Бірақ мүгедектер арбасына таңылып, былай десем: "Менің әлі төрт жекпе-жегім бар еді, жігіттер, менің миым зақымданды"? Өйткені менің басымнан ірі жігіттер ұрады. Жетер енді, бұдан былай жұдырықтасқым келмейді", - деп береді Фьюридің сөзін журнлист Майкл Бенсон әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, Фьюри 24 сәуір Лондонда отандасы Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport