"Жеті миллион ұсынды". Деметриус Андраде Головкинмен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: CBS Sports

Орта салмақта WBO титулы бар америкалық Деметриус Андраде (30-0, 18 КО) IBF және IBO чемпионы қазақсандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) белбеулер біріктіретін айқас өткізгісі келеді.

"Эдди Хирн – менің промоутерім, маған көмектесіп, белсенді етті, ақша табуды үйретті. Бірақ Головкин, "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастыру жағынан көмек болып жатқан жоқ. Ол Джермелл Чарломен айқас өткізіп беруге тырысты - жеті миллион доллар ұсынды, бірақ, қарсы тараптан жауап болмады. 

Оның еңбегін адамдар көріп отыр, алайда, мен мұны Эдди Хирн емес, өзім үшін жасап отырмын. "Канеломен" кездесу үшін қандай айқас өткізу керек? Ең нақты жолы - Головкинмен жекпе-жек. Егер Головкин шыққысы келмесе, онда басқа біреумен жұдырықтасамын. Мен күте алмаймын", - деп береді Деметриустың сөзін DAZN.