Жеті бірдей қазақстандық боксшы жұдырықтасатын әлем чемпионатының жарыс күніне тікелей трансляция

17 қыркүйек 2019 12:54
© Данияр Майлыбаев
Бүгін, 17 қыркүйек Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ширек финалға жолдама үшін шаршы алаңға Қазақстан құрамасының жеті бірдей боксшысы шығады. 

Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталатын күндізгі сессияда командамыздан рингке бірінші Сәкен Бибосынов (52 келі) шығады. Оның қарсыласы 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (49 келіде) колумбиялық Юберхен Мартинес.

А рингіне бесінші жұпта Закир Сафиуллин (63 келі) өнер көрсетеді. Қарсыласы әлем чемпионы атағындағы кубалық Энди Гомес. Жекпе-жектің басталуы шашамен 17:00.

18:00-де В рингіне Василий Левит (91 келі) украиналық Марат Григорянмен жұдырықтасуға шығады.

20:00-де басталатын кешкі сессияда әлем чемпионы атағындағы Қайрат Ералиев (57 келі) В рингінде өнер көрсетеді. 2017 жылғы әлем чемпионы тайландтық Чатчай Бутдимен жартылай финалға жолдама үшін жұдырықтасады.

21:45-те А рингінде Абылайхан Жүсіпов (69 келі) германиялық Ник Бирмен жекпе-жек өткізеді. Ал 22:30-да осы рингте Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) бразилиялық Кено Мачадомен жұдырықтасады.

Жарыс күнінің соңында Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) испаниялық боксшы Аюб Гадфамен жекпе-жекке шығады.