Жеңілмеген польшалық боксшы Головкин кардында Ахмедовпен жұдырықтасудан бас тартты

3 желтоқсан 2020 12:34
Сурет: nowywyszkowiak.pl

Екінші орта салмақтағы польшалық боксшы Матеуш Трыцке (10-0, 6 КО) Головкин - Шеремета жекпе-жегінің кардында қазақстандық Али Ахмедовпен (16-0, 12 КО) жұдырықтасу ұсынылды,- деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшының сөзінше, ол ұзақ жаттықпағандықтан және денсаулығының ақауына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

"Мен Головкин - Шеремета бокс кешінде Али Ахмедовпен жұдырықтасу ұсынысын алдым. Арқа жарақатына байланысты ұзақ жаттықпағаным өкінішті. Бабымда болғанымда, тәуекелге барар едім. Мені елей бастағанына қуаныштымын", - деп жазыпты Трыц твиттерде.