Жеңілмеген неміс боксшы рингте көз жұмды

©earlybulletins

Жеңілмеген неміс боксшы рингте көз жұмды, деп жазады Bild.

Муса Ямак угандалық Хамза Вандерамен жекпе-жегінің үшінші раунд алдында есінен танып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткеніне қарамастан, спортшының өмірін аман алып қала алмады.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше 38 жастағы былғары қолғап шебері жүрек талмасынан көз жұмды.

Белгілі болғандай, дәрігерлер Мюнхендегі аренаға дер кезінде кіре алмаған. Оған себеп жанкүйерлердің бөгет жасағанында болып отыр. Осыған орай, полиция қызметкерлеріне айқас өтіп жатқан шаршы алаң төрінде қоршау жасап, боксшының алғашқы көмек алуына мүмкіндік жасаған.

Еске салайық, Муса Ямак кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысқан. Карьерасында өткізген сегіз айқастың барлығында жеңіске жеткен.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: