Жеңілмеген қазақстандық Қанат Исламның андеркартындағы титулды жекпе-жектің мән-жайын ашты

Мадияр Әшкеев (оң жақта). Сурет Main Events©
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) Vesti.kz елімізде өткізетін алғашқы жекпе-жегі жайлы айтып берді. 

30 жастағы Әшкеев 5 шілде Алматыда жұдырықтасады, боксшы бұл кездесуге Қазақстанда дайындалатынын айтты.

- Иә, Қазақстандағы дебютті жекпе-жегім өтеді. 19 маусымда елге ұшып келемін. Бір-екі ай үйде боламын, Қанат Исламның андеркартында жұдырықтасамын. Жақсы бокс көрсетуге тырысамын, - дейді Мадияр.

- Белбеуді қорғайсың ба?
- Екі белбеу тігіледі. NABF Junior титулын қорғаймын. Сонымен бірге, NBA белбеуі болады.

- Junior деп аталады, бұл жастарға емес, өзгелерге қарағанда кішірек дегенді білдіреді. Солай ма?
- Иә, бұл жастар белбеуі емес. Одан кейін NBA титулы, келесі - WBC Silver және WBC. Осылай сатылай кетеді.

- NABF белбеуі WBC жүйесіне кіреді, ал NBA - WBA жүйесінде ғой.
- Иә, NABF титулы WBC жүйесінде, ал NBA - бөлек.

- 10 немесе 12 раунд?
- Әзірге нақты айта алмаймын. Промоутерлер кейін хабарын айтады.