Жеңілмеген қазақстандық боксшының миллион төленетін турнирден неге бас тартқаны белгілі болды

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуіне ие қазақстандық Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) жарақатына байланысты Golden Contract ("Алтын келісімшарт") турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды MTK Kazakhstan.

MTK Global өткізетін жаңа турнир 22 қараша Лондондағы York Hall аренасында басталады. Көрерменге қызық болу үшін боксшылар қарыласын бір апта бұрын ғана біле алады.

Тұраров турнирден шығып қалғаны туралы 16  қарашада белгілі болды. Golden Contract жеңімпаздарына алдыңғы қатарлы промоутерлері әрбіріне миллионға дейінгі [100 доллардан басталады] бес жекпе-жек ұсынады және ісін әлемдік деңгейде жүргізеді.