Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсті

26 қыркүйек 2022 07:36
©instagram.com/ali_boxing_kz

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Али Балоев (10-0, 7 КО) Hardcore Fighting турнирінде ресейлік Курейш Саговқа (7-2, 2 КО) есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сегізінші раунд соңында Сагов қазақстандық боксшыны нокаутқа түсірді. Осылайша, Балоев карьерасында алғша рет жеңілді. Өйткені бұл жекпе-жек бокс реестіріне тіркелді. 

Айта кетейік, Али бұған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді, тіпті оның жетеуі нокаутпен. 

Ал осыған дейін жеті жекпе-жек өткізген Сагов нокаутшылар қатарында емес еді. Ол осы жеті айқастың тек екеуін ғана мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның үстіне өзі де екі рет жеңілген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport