Жеңілмеген қазақ боксшы Ресейдегі жекпе-жегінен бас тартты

12 желтоқсан 2019 12:59
Боксшының командасы ұсынған сурет
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) 21 желтоқсан Ресейде өту керек жекпе-жегінен бас тартты, - деп хабарлайды SULEIMEN Promotions. компаниясының баспасөз қызметі. 

Компанияның ресми өкілі Танат Нұршинннің нақтылауынша, Жаңабаев жаттығу кезінде жарақаттанған. 

"Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер қажетті көмек беруде. Ал жекпе-жек басқа уақытқа ауыстырылатын шығар. Нақты ақпаратты кейінірек хабарлаймыз", - дейді Нұршин. 

Еске салайық, 26 жастағы Жаңабаев WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулерін қорғау керек еді. Ал қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болған.
Жаңалықтар