Жеңілмеген қазақ боксшы 3 жылдан кейін рингке қайта оралады

20 желтоқсан 2022 12:28
©facebook.com/eottmboxing/

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (11-0, 8 КО) Алматыда өтетін бокс кешінде рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Құсайыновтың жекпе-жегі туралы белгілі менеджер Зия Алиев құлақдар етті. Абылайханның қарсыласы тәжікстандық Бахтовар Сагизов (0-3) болады. 

Еске салайық, Құсайынов кейінгі рет 2020 жылы ақпанда жұдырықтасып, мексикалық Михаель Понце Галласты нокаутқа түсірген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport