Жеңілмеген қазақ боксшы 16 нокауты бар "Акуламен" жұдырықтаса алмайды

23 қыркүйек 2019 10:05
© lesoleil.com
Екінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) 26 қыркүйек Монреальда өтеді деп жоспарланған жекпе-жекке шыға алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы қазақ боксшы 28 жастағы "Акула" лақап атты мексикалық Бруно Сандовалмен (20-3-1, 16 КО) жұдырықтасу керек болатын. Жекпе-жек он ранудқа есептелген еді.

Өкінішке қарай Сабыров жаттығу кезінде жарақат алып жекпе-жекке шықпайтын болды.




Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты шоуында Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 32 жастағы бұрынғы чемпион мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасады.

Сонымен қатар, ол күні рингке 2016 жылғы Азия чемпионы Аман Қазанғапов (0-0-1) мексикалық Хесус Арриагомен (2-1, 1 КО) қолғап түйістіреді.