Жеңілмеген әлем чемпионы Усик - Джошуа айқасы немен бітетінін айтты

©Reuters

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри осы дивизионда WBA, WBO және IBF белбеуіне ие Александр Усик пен Энтони Джошуа арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды sports.ru

"Ауыр салмақта бір-ақ соққы жеткілікті. Бірінші жекпе-жекте Усик анық жеңді, дегенмен, оның беті көгеріп, қабағы жарылды. Ол қарсылас алдыңда тұра береді, сондықтан соққы өткізіп алады. 

Әрине, Энтони ауыр соққысын тигізе алуы ықтимал. Алайда Усик Джошуа үшін тым жылдам, ақылды әрі жылпоз деп ойлаймын. Оның үстіне солақай. 

Бапкер Роберт Гарсияның Джошуаны агрессив етуге тырысуы Усиике пайдалы сияқты. Александр көбірек соққысын дарыта алады. Бірақ бұл менің нақты болжамым емес, өйткені мен бокста ештеңе түсінбеймін. Мен ауыр салмақта жеңілмеген чемпион ғанамын", - дейді Фьюри. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport