"Жауынгер ғана емес, ұлы чемпионмын!". 41 нокауты бар Уайлдер қарымта мүмкіндігін пайдаланды

© XSPORT.ua
Супер ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) келісімшартта көрсетілген қарымта мүмкіндігін пайдаланбақ - 2020 жылдың жазы не күзінде британиялық Тайсон Фьюримен (30-0-1, 21 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді. 

"Келісімдегі ол шартты қолданатынымыз сөзсіз. Мен жай ғана жауынгер емес, ұлы чемпионмын. Бұл жолдан таймаймын. Күмән болмасын. Үшінші жекпе-жек жазда болады", - дейді боксшы. 

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, трилогия Лас-Вегаста өтеді және ESPN мен FOX аранларынан көретіледі. Қарымта мүмкіндігін пайдалануға оның 30 күн уақыты бар.

Бұған қатысты боксшының промоутерлерінің бірі Боб Арум (Top Rank) де пікір білдірді: "Асықпайық. Бәрі олардың шешіміне байланысты. Алдымен Уайлдердің денсаулығы жақсы екеніне көз жеткізу керек. Ал жекпе-жекті күзге шегеру туралы ортақ шешім қабылдауымыз мүмкін. Қыркүйек немесе қазанға. Вегаста жаңа стадион салынып жатыр. Келісім бойынша үшінші жекпе-жек сонда өту керек. Алдымен барлық мән-жайды талқылап, кейін шешім туралы хабарлаймыз.