Жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына Қазақстан боксшыларының бәрі жетті

© ҚБФ
75 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Азамат Бектас Моңғолияда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол жарыстың осы кезеңіне өткен Қазақстан құрамасының төртінші боксшысы. 

Ширек финалда қазақстандық боксшы кореялық Ли Ву Жунмен жұдырықтасады. Сонымен бірге, Қазақстан құрамасының турнирге келген барлық спортшысы жарыс жолын жалғастыруда, ал төрт қызымыз жүлдеге ілігіп тұр. 

Еске салайық, Азия чемпионатының ширек финалы 13 қарашада өтеді. Жартылай финал 16 қарашада, ал ақтық кездесулер келесі күні өтеді.