Жанкүйерлер "Канело" неге Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейтінін түсінеді - промоутер

© HBO Boxing
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер NYFights.com порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке алаңдамайтынын айтады.

Боксшылар арасындағы трилогия биыл өтеді деп күтілген еді. Алайда Альварес алдымен қазақстандықпен жұдырықтасудан бас тартты, ал кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.

"Ол "Канелоға" қатысты алаңдамайды. Бұл жекпе-жек туралы Альварестен сұраңыздар. Меніңше, "Канело" үшінші жекпе-жекті неге қаламайтынын жанкүйерлер түсінеді. Ал GGG бұған алаңдамайды. Ол 5 қазанда жеңіске жетіп, әлем чемпионы ретінде екінші жарысты бастайды. Біріншісінде ол титулдарын 20 рет қорғаған. Бұл тамаша жекпе-жек болады", - дейді Леффлер. 

Головкин 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жұдырықтасады. Боксшылар тамыз басында Сауль Альварестен тартып алынған IBF белбеуін сарапқа салады.

"Қорқыныш бар!". Головкин Деревянченкомен әлем чемпионы титулына жекпе-жек жайлы