Жанкүйерлер қалауы болады. "Канелоның" бапкері Головкинмен жекпе-жекке ұстанымын айтты

Сурет: boxingscene.com

Екінші орта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) бапкері Эдди Рейносо қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жекке қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

 "Олар өз кезектерін күту керек", - дейді Рейносо "Канелоның" Головкин немесе америкалық Джермалл Чарломен айқасы туралы сұраққа. 

"Біз Каллум Смитті жеңдік, ол чемпион болатын. Сонымен қоса, Сондерсті де, ол да 168 және 160 фунтта чемпион болған. Енді Плант бар - ол келесі. Жанкүйерлер "Канелоның" жеңілгенін қалайды, осы себепті олар басқа дивизиондағы мықты боксшылармен жекпе-жектерді көргісі келеді", - деп береді бапкердің сөзін Boxingnews24.com.