Жаңқош Тұраровтың WBC чемпионы анедркартындағы қарсыласы белгілі болды

Жаңқош Тұраров. Сурет: MTK Global
Қазақстандық Жаңқош Тұраров (23-0, 16 КО) келесі жекпе-жегінде Мауро Годоймен (31-4-1, 16 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы британиялық MTK Global компаниясы хабарлады.

10 раундты жекпе-жек 6 шілде "Барыс-Аренада" өтетін бокс кешінің андеркартында болады. Бұл шоудың басты кездесуінде ең жеңіл салмақта WBC чемпионы франциялық Нордин Оубали (15-0, 11 КО) филиппиндік Артур Вильянуэвомен (32-3-1, 18 КО) жұдырықтасады.

28 жастағы Тұраров үшін бұл MTK Global менеджерлік компаниясымен өткізетін екінші жекпе-жегі. Екі жылда үзілістен кейін рингке оралған Жаңқош 6 маусым Ұлыбританияда ганалық Ричмонд Джарбенганы (29-4-1, 23 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

29 жастағы Годой кәсіпқой боксқа 2011 жылы келген. Кездесуінің көпшілігін отанында өткізді, сонымен бірге, Мексикада екі рет және Канада мен Испания бір реттен жұдырықтасты.