Жәнібек Әлімханұлының промоутері екі титулы бар "Құбыжықпен" келісімшарт жасады

© Fightnews.info
Ең жеңіл салмақта WBA (Super) және IBF чемпионы, "Құбыжық" лақап атты жапониялық Наоя Иноуэ (19-0, 16 КО) Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық компания келісімшарт туралы Иноуэ Бүкіләлемдік бокс суперсериясы екінші маусымының финалында филиппиндік Нонито Донэйроны (40-6, 26 КО) жеңген соң хабарлады.

Ohashi Promotions пен Top Rank арасындағы Иноуэнің ісін жүргізу бойынша келісімшарт ұзақ жылға жасалған. 2020 жыл басында жапониялық боксшы АҚШ рингін бағындыра бастайды, ал оның жекпе-жектерін ESPN трансляциялайды.