Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

Сурет: Getty Images ©
Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. 

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.



Еске салайық, Әлімханұлы кейінгі рет 10 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген.