Жәнібек Әлімханұлы үздіктер тізіміндегі жеңілмеген боксшымен жекпе-жекке шығады

16 қыркүйек 2020 15:01
Сурет: Top Rank

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін Top Rank 9 қазан Лас-Вегастағы The Bubble аренасында өткізетін бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсылас әзірге белгісіз, дегенмен, қазақстандық боксшының командасы ол туралы аздаған мәлімет берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Біздің команда өз жанкүйерлеріне өте ашық әрі тығыз байланыста екенін білесіздер. Жаттығудан аз-кем ақпарат. Солақай спарринг қарсылас. 21 раунд спарринг жасап, жекпе-жекке шыңдалып алдық. Қисық, ыңғайсыз боксшы. Үлкен тәжірибе болды. Бұйыртса салмағы аздау жылдам боксшымен 16 раунд спарринг күтіп тұр. Ары қарай тағы спарринг. Айтпақшы 9 қазандағы қарсыласымыз солақай. Жеңілмеген. Топ 15 деп жатыр. Ресми бекітілген соң аты-жөнін жариялаймыз. Құдай қаласа, жақсы жекпе-жек болады. @janibek_alimkhanuly батырларыңыз шалдың өзі қайраған орақтай шыңдалып тұр. Әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетуге дайын!
Құрметпен, team QAZAQ STYLE!", - делінген команданың Instagram желісіндегі хабарламасында.



Жәнібек Әлімханұлы былтыр қарашада канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіргелі бері рингке шықпады. Боксшының жоспарыларына пандемия бөгет етті. Жақында Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін мәлімдеген.