Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" алтыншы раундтан асырмай нокаутқа түсіретінін айтты

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) ESNews YouTube арнасына берген сұхбатында рингте кіммен кездескісі келетінін айтты. 

Жәнібек келесі жекпе-жегі қазан айында өтуі мүмкін екенін айта кетті. Ал қарсылас әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы кіммен жұдырықтасқысы келетіні туралы сұраққа орта дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде, WBC титулына ие Джермалл Чарло және мексикалық Сауль "Канело" Альваресті атады.

Сонымен қатар, Жәнібек аталған чемпиондар ішінде "Канело" бес-алты раундқа шыдатпайтынын, ал Чарлоны нокаутқа түсіретінін айтты.