Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшы 18 қыркүйек Лас-Вегаста өзге қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жеңген болатын. 

"Канелоны" оңай жеңемін дегенімде, кейбір жанкүйерлер маған "Pay day" (карьераңдағы ең үлкен гонорар) деп жаза бастады. Ол не деген сөз? Мен Альвареспен ақша үшін ғана айқасқым келеді деп ойлайсыздар ма? Маған өзімдікі жетеді. Менде қажеттінің бәрі бар. Мен ақша үшін емес, тарихқа кіру үшін айқасамын. Pay day? Күлкімді келтірмеңдер!", - деп жазыпты Жәнібек "твиттер" желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport