Жәнібек Әлімханұлы жылдың ең сұмдық нокаутын жасады

Сурет: Top Rank

The13th Round Boxing твиттер аккаунты қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) нокаутын 2020 жылғы ең сұмдық сұлатулардың қатарына қосты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазан айында қазақ боксшы екінші раундта аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа түсірген болатын. 

Еске салайық, Жәнібекте екінші деңгейлі WBO Global және WBC Continental Americas титулдары бар. Мұның алдында ол америкалық Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды. Сонымен қоса, ол 2021 жылы өзге чемпиондармен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген.